Қосымша сот сараптамасын жүргізген медициналық сарапшыдан жауап алу кезінде Қуандық Бишімбаевтың адвокаты одан зерттеу барысында қандай әдістерді қолданғанын сұрады.
«Қандай әдістемелерді немесе арнайы әдебиеттерді пайдаландыңыз, тұжырымның зерттеу бөлігінде неге зерттеу сипаттамасы жоқ және бұл қорытындыға қалай келдіңіз?.. Жәбірленушілер тарапынан неге күлкі естілді, ескерту жасауыңызды сұраймын», – деді сотталушының адвокаты.
«Негізінде, алқабилер күлді», – деді судья оған.
Еске салайық, жауап алу кезінде сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкеноваға медициналық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда да, оны аман алып қалу екіталай болғанын айтты. Сарапшының сөзінше, марқұмның бас-ми жарақатында қан өте көп мөлшерде жиналған.