Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

БҚО: Тасқыннан зардап шеккен отбасылардағы 185 балалары сауықтыру лагерлерінде демалмақ

Поделиться:

– Баланың аты бала ғой. Эвапунктте іштері пысатын еді. Көңілдері сергіп, жақсы демалып қайтады деп ойлаймын. Олар келгенше де мына тасқынның беті қайтып, қалыпты тірлігімізге оралармыз деп сенемін. Бар жағдайымызды жасауға тырысқаны үшін билік өкілдеріне, отандастарымызға өте ризамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!, — деп Жансұлу Төрешова есімді ата-ана алғысын білдірді.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандерова берген мәліметке сенсек, демалыс орындарына 185 оқушы барады деп жоспарланған. Олар Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандары мен Орал қаласынан. Қазіргі таңда демалыс орнына жолданған баладардың алғашқы легі жолға шықты. Бірінші лекпен аттанған 70 бала 10-24 сәуір  аралығында Алматы облысындағы «Тау Жанашар» сауықтыру лагерінде демалады.

Ал 13 бала 10-30 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» сауықтыру орталығында демалады. Одан бөлек 102 бала  Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы «Камбаш» сауықтыру орталығына жолданды. Ол жақта оқушылар 10 күн демалатын болады,-деді білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандерова.

– Біздің үй су кіретін болған соң біздерді автобуспен спорт залға жеткізді. Ал, бүгін біздерді Алматыға лагерге жіберіп жатыр. Қасымда эвакуциялық пунктте танысқан достарым да бар. Мен бұрын Алматыда болмаған едім, ол жақтағы демалысымыз жақсы өтеді деген ойдамын. Біздерді Алматы қаласына жіберген аға-апаларға, ата-анама ризамын,- дейді қуанышын жасыра алмаған Ж. Досмұхамедов атындағы МББК оқушысы Оразбек Сырымбек.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также