Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Қазақстандағы су тасқыны: Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылады

Поделиться:

Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Атырауға және кері қарай қосымша рейстер ашылатынын хабарлады.

– 9 сәуірде әуе компаниясы Алматыдан Атырауға және Airbus A321 ұшағымен KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін орындайды. Әуе лайнерінің сыйымдылығы – 179 орын. Алматыдан Атырауға рейс 17.00-де ұшады. Кері рейс 21.15-те, — делінген хабарламада.

Қосымша рейстерді ашу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты осы бағыттағы сұраныстың артуына байланысты қабылданған.

Ұшақ еріктілер ұйымдарынан гуманитарлық көмекті тегін тасымалдауға өтініш қабылдайды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также