«Бітімгерлік бөлімшелерде мерзімді қызмет әскерлері жоқ. Сәйкесінше, ол құрамда кәсіби әскерилер ғана бар. Бұл – келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскерилер мен офицерлік құрам. Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің орташа жасы 25, 27, 30 жас», — деді министр.

Оның айтуынша, аталған контингент сақтандыру шараларымен де қамсыздандырылған.

«Қорғаныс туралы заңға сәйкес, Қарулы Күштерге келіп, келісімшарт жасаған әрбір әскери қызметшіні мемлекет сақтандырады», — деді Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысу туралы Жолдауын мақұлдады.