«12 қарашада 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда атқан оғынан жараланып, шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда оны құтқару мүмкін болмады», — деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Аталған дереке қатсты ішкі тергеу тағайындалды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Ұлттық ұлан қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», — делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз хабарламасында.

Жергілікті БАҚ марқұмның жасы 38-де екенін жазды. Ол «Бүркіт» арнайы жасағының жүргізушісі болған.