Бүгінгі оқиғаларға байланысты біз президенттің баспасөз хатшысынан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жерлеу рәсіміне қатыса ма деп сұрадық.

«Мемлекет басшысы Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды», — дейді Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болды.