Қазіргі уақытта Қазақстанда қызылшаға қатысты қолайсыз жағдай қалыптасқаны хабарланған. Биыл бұл дертті 13 мың адам жұқтырған. Оның 83% бес жасқа дейінгі балалар. 70% вакцина алмаған. Науқастардың арасында екпе алмаған ересектер де бар.

Осыған байланысты Қазақстанда қосымша жаппай егу жұмыстары жүргізіледі. Ол қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

“Біз вакцинацияланбаған балаларды, сондай-ақ инфекция аймағында болған ересектермен байланысамыз. Барлық қазақстандықтарды аурудан сенімді қорғаныс алу үшін емханаларға шақырамыз”, – деді министр Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрі инфекцияның ауыр зардаптары туралы да ескертті.

“Бүгінгі күні қызылшаның арнайы емі жоқ, сондықтан аман қалудың жалғыз жолы — вакцинация. Дәріден қорқудың қажеті жоқ, ол сынақтан өтті. Біз бұл вакцинаны жыл сайын ұлттық егу күнтізбесі бойынша қолданамыз”, – деді ол.