«Үй жанындағы дүкендердегі бағаның көтерілуіне келетін болсақ, орташа жағдайдағы адам аптасына төрт рет сауда жасайды. Үй маңындағы дүкендерде сатылатын өнімдердің бағасы қымбатырақ болады. Ол жерге тұрғындар шұғыл қажеттіліктері – бір бөлке нан мен бір қорап айран алуға барады. Ал қалыпты адам – демалыс күндері базарда немесе ірі супермаркеттерде сауда жасайды», — деді үкімет басшысының орынбасары.

Ол дүкендердегі бағалар «статистикалық зерттеу нысаны» бола алмайтынын жеткізді.

«Мұны толықтай зерттеуіміз керек. Сенуге болатын жалғыз мемлекеттік орган ұлттық статистика бюросының мәліметтерін қарауымыз керек», — деді Жұманғарин.

Вице-премьер мемлекет ең маңызды 100 тауар бойынша тауарлық бағаның сақталуын қадағалайтынын айтты. Ол тауарлардың бағасы 15%-дан жоғары болмауы керек.

«Бізің қоғам өте үлкен. Онда әртүрлі қабаттар бар. Біреу үнемі шағымданады, кім екенін нақты айтыңызшы?», —  деді вице-премьер ұн бағасына қатысты шағымдар әлі де орынды ма деген сұраққа.

Сондай-ақ үкімет басшысының орынбасары бір келі ұнның бағасы қанша екенін айта алмады.