Ақпарат көздерінің хабарлауынша, автокөлік тізгінінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова отырған. Оқиға орнына келген жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы туралы хаттама жасаған, алайда шенеунік қамауға алынбаған.
– 12 жасар жасөспірім 2 қарашада Hyundai Creta автокөлігінің астына түсіп мерт болды. Көлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Шетелдік көлік арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Ведомство кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын тергеу облыстық анықтау басқармасының өндірісінде екенін айтты. Бала 4 қарашада жерленген.
Айта кетейік, Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт көбейді. Биылғы тоғыз ай ішінде жол апатынан 210 бала көз жұмған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.
Комментарии