Әншінің айтуынша, президенттен мұндай сыйлық күтпеген.

“Достар, танысып қойыңыздар, бұл – менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни, тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған Жеті қазынаның бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді. Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. «Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы – «шапшаң», «епті», – деп балаша қуанды әнші.

Ол баға жетпес сыйлық үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Тазының атын Ғарышкер деп қойғанын мәлімдеді.

Еске салсақ, Димаш  Құдайбергенов “Қазақстанның Халық әртісі” атағын алған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жас талант иесі болды.