Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесі 1 қараша күні таңертең өз үйінің ауласынан табылған. Күдікті – марқұмның күйеуі болуы мүмкін. Себебі, екеуінің отбасылық қарым-қатынасы жақсы болмай, ажырасатын уақытты күтіп жүрген. Ерлі-зайыптылардың екеуі де полицияда жұмыс істеген.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Екі бала анасыз қалды. Қылмыстық істі тергеуді Ішкі істер министрлігі өз бақылауына алды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Комментарии