Астанада жарықтың өшуіне байланысты бағдаршамдар мен көше жарығы жұмысын тоқтатты.
Энергетика министрлігі 21:58-де ВЛ-110кВ қалалық сақинасы бойынша авариялық өшу орын алғанын хабарлады.
“Астана-АЭК қосалқы станциясына Астана КС, Городская КС, Промзон КС Орталық КС, ВЛПР, Степная, ЧЛЗ, ПНФ қарайды. Астана энергетика ЖЭО 2-де қысқа тұйықталу салдарынан генерацияның толық төмендеуі байқалды.
110кВ Астана ЖЭО-2 ЦГПП электр беру желісін ажырату фактісі бойынша сол, оң тізбек ажыратылған. Астана ЖЭО 2-де 110кВ, ЖЭО-2 шиналарының 1 және 2-жүйесі ажыратылды, генерацияны 530МВт-тан 120МВт-қа дейін төмендетті”, – деп мәлімдеді энергетика министрлігі.
00:20 шамасында жарық барлық ауданда қосылды, бірақ су әлі де берілмеді.
Бұған дейін астаналықтар жарық пен сусыз қалғаны айтылды.
Комментарии