Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу өңіріне жасаған сапары мен кездесулерін akordapress Instagram парақшасынан көргенін, онда халықтың мәселелерді өздері жасырып, ештеңені ашып айтпағанын жеткізді.

«Мемлекет басшысымен кездесуде жергілікті ақсақалдардың, билік өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің ешқайсысы ащы шындықты айтпады. Барлығы өз өңірінің жағдайын мақтаумен ғана шектелді. Барлығы облыстың, тұрғындардың жақсы өмір сүріп жатқанын, ешқандай мәселе жоқ екенін айтты. Бұған дейін Назарбаевқа да осындай өтіріктер айтылып келген. Ендеше, бәрін билікке жауып, біздің барлық қиыншылықтарымыз бен проблемаларымызға соларды кінәлаудың қажеті жоқ. Бәріне де халық кінәлі», — деді блогер.