Сырдария өзенінде суға батқан 11 адамның 8-нің денесі табылды. Олардың екеуі — ересек, ал алтауы — жасөспірім. Қалған іздестіріліп жатқан 3 адамның да екеуі жасөспірім, біреуі кәмелет жасына толмағаны анықталды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзен жағасына демалуға барған 20 адамның барлығы — бір әулеттен тараған төрт отбасының мүшелері. Олардың Отырар ауданына қарасты, Көксарай ауылының тұрғындары екені белгілі болды.

Іздеу шараларына 144 адам, 16 техника мен 6 жүзу құралы және 2 дрон жұмылдырылды.