Ақтауда ер адам банк келушілеріне пышақпен шабуыл жасады

2023-01-30 10:27:55

Ақтауда ер адам банк келушілеріне пышақпен шабуыл жасады

 

Кадрларда ер адамның банк ғимаратындағы банкоматтың жанында тұрған келушілер мен қызметкерлерді пышақпен қорқытқанын көруге болады. Қарулы қарақшыны банк клиенттері ұстауға көмектесті.

Ақтау полиция басқармасында оқиға 16 қаңтарда 31А шағынауданындағы Халық банкінің бөлімшесінде болғанын хабарлады.

«Ақтауда қарақшылық фактісі анықталды. Мас күйіндегі белгісіз адам келушілер мен банк қызметкерлерін пышақпен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында 43 жастағы азамат ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу жүргізілуде», — деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.