Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Шымкентте сәбиін 4-қабат терезесінен салбыратып тұрған әйел жұртты шошытты

Поделиться:

Шымкенттік келіншектің кішкентай баласын көпқабатты үйдің 4-қабат терезесінен салбыратып тұрған сәтті ауладағы көршілері байқаған. Олардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбаны @Шымкент Онлайн Telegram-каналы жариялады. Ондағы мәліметке сенсек, оқиға «Водоканал» аумағында болған.

Әйелдің әрекетін ауладағы балалар байқаған. Олар үлкендерге «мұнда қараңыздар» деп айтып көмек сұрайды. Көршілердің бірі «Неге олай жасап тұрсыз?» деп сұрағанына ешқандай жауап болмады. Ал кішкентай бала шыңғырып жылап тұр.

 

Видеода келіншек сәбидің анасы екені айтылады. Оның әрекеті желі қолданушыларын шошытты.

 

«Жаратушы ием әлемді мұндай залым адамдардан құтқара гөр», «Пәтерге тез арада барып, сазайын беру керек», «Шымкенттік аналарға не болған? Естерінен адасқан ба?», «Адам шошытарлық! Мен жеке үйде тұрамын, тереземіз биік. Соның өзінде балам құлап кете ме деп қорқамын», «Әйелдерге не болған? Бірі баласын ұрады, екіншісінің жасап тұрғаны мынау. Ата-ана құқығынан айыру керек» деп жазды желі қолданушылары.

 

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также