«Отбасы банк» клиенттері енді «Otbasy bank» мобильді қосымшасында жақын туыстарына өз депозиттерін аудара алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Депозитті жұбайына, ата-анасына немесе балаларына беру Отбасы банкінде кең таралған қызмет түрі болып табылады. Бұрын бұл қызметті қолдану үшін банк клиенті мен оның депозитті қабылдайтын туысы филиалға бірге келіп, бірнеше сағат уақыттарын жұмсайтын. Енді «Otbasy bank» қосымшасында депозитті тағайындау 5-10 минутты алады. Бұл қызметті онлайн режимде туыстардың келесі санаттары пайдалана алады: жұбайы, ата-аналар, балалары, ағалары мен әпкелері (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек). Табыстауды тек Отбасы банкінде 01.11.2016 жылдан кейін ашылған депозиттерге ғана рәсімдеуге болады. Депозит 01.11.2016 жылға дейін ашылған болса, табыстау қызметін қолдану үшін банк бөлімшесіне бару қажет», — делінген банктің хабарламасында

Сондай-ақ, шот бойынша кемінде 50 АЕК көлемінде жинақ болуы шарт.

«Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы табыстау қызметін келесі тұлғалар қолдана алмайды:

Мобильді қосымша арқылы табыстауды кәмелетке толмаған салымшылар мен балалар үйі/жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерінің ТҚЖ келісім шарттары бойынша да жүзеге асыруға болмайды. «Арнау» және «Жас отбасы» депозиттерін, біржолғы  зейнетақы төлемдері, демеушілік жарна қосылған депозиттерді, тұрғын үй төлемдері бар арнайы салымдарды, аралық және алдын ала заемдар бойынша кепілге салынған депозиттерді, сондай-ақ онлайн-табыстау арқылы сатуға шығарылған салымдарды табыстауға болмайды.

Депозитті тегін онлайн тағайындау жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолжетімді.