Ресей Украинаның маңызды инфрақұрылымына әлі соққы беріп жатыр. Салдарынан қазір Житомир, Сумы және Полтава облыстарында, Львовта, Хмельницкийде және басқа қалаларда жарық сөнген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy dw.com-ға сілтеме жасап.

«Хмельницкийде зымыран соққысынан кейін электрмен жабдықтау жоқ, электр көлігі жұмыс істемейді, сумен жабдықтау тоқтатылды, бағдаршамдар жұмыс істемейді», — деді қала әкімі Александр Симчишин.

Оның айтуынша, ауруханалар өздерінің дизельді генераторларынан электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, қазір Украинада интернет желісі нашар жұмыс істеп тұр. Әсіресе, Хмельницкая, Львов, Полтава облыстарында, Харьковта және Житомирде байланыс орнату қиын.

Ал барлық мектептер жұмаға дейін қашықтан оқу форматына көшті.