Ақтауда мысықтың үстіне секірген ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған.
«Аталмыш дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша тіркелген», — делінген POLISIA.KZ Telegram-арнасындағы хабарламада.
Еске салсақ, 4 қазанда сағат 22.00 шамасында Ақтаудағы 6-шағынаудандарда ер адам көшеде келе жатып, бейқам тұрған үй мысығының басына бар күшімен секіріп, жазым қылған.
Бейнекамераға түсіп қалған оқиғаның видеосы желіде тарап, қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызған. Желі қолданушылары жазықсыз жануарды жәбірлеп, қорлаған ер адамды жауапқа тартуды талап еткен.
Комментарии