Тоқаев Қарағандыдағы QazTehna зауытына барды

Поделиться:

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке кәсіпорын жұмысының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.

Зауыт 2021 жылдан бері жолаушылар тасымалына арналған 347 автобус пен электробус құрастырып шығарған. Биыл жыл соңына дейін қоғамдық көлік желісін жаңарту бағдарламасы аясында өңірлерге 700-ден аса автобус пен электробус жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 208 автобус еліміздің тоғыз облысындағы білім беру ұйымдарына жіберілмек.

Зауыт әлемдегі жолаушылар көлігін өндіруші Yutong компаниясымен серіктестік орнатқан. Серіктестік аясында компания қазақстандық зауытқа қажет технологияны кезең-кезеңімен береді. Қазір автобустар бөлшегінің 33%-ы жергілікті материалдардан құрастырылады. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 50%-дан асыру жоспарланып отыр.

Бүгінде зауытта 560 адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымының басым бөлігі — Саран қаласының жергілікті тұрғындары.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также