Біз үлкен жолдың басында ғана тұрмыз – Мемлекет басшысы

Поделиться:

Бірреттік президенттік мерзім туралы норманы бекіту еліміздегі шынайы демократиялық дәстүрлерді нығайтудағы шешуші қадам болды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

 

«Бүгінде еліміз жаңа саяси дәуірді ашатын өз тарихының маңызды кезеңінен өтіп жатыр. Аяқ басқан үлкен сайлау циклінің нәтижелері еліміздің дамуы үшін сапалы жаңа жағдайлар жасайды. Бірреттік президенттік мерзім туралы норманы бекіту еліміздегі шынайы демократиялық дәстүрлерді нығайтудағы шешуші қадам болды», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, бұл новелла билікті монополиялау әрекеттеріне күшті тосқауыл қойып, қабілетті, жауапты саясаткерлердің жаңа толқынының пайда болуына жағдай жасайды.

«Жаңарған Конституция негізінде барлық негізгі саяси институттар қайта іске қосылады. Барлық азаматтың игілігі үшін жұмыс істейтін жаңа ашық және бәсекеге қабілетті экономикалық жүйе қалыптастырылады. Біз үлкен жолдың басында ғана тұрмыз», — деді ҚР Президенті.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также