Павлодар облысында медбикеге тиіскен депутат 15 мың теңге айыппұл төлеп құтылды

Поделиться:

Павлодар облысында медбикеге тиісіп, денесіне қол жүгірткен депутатқа сот шешімі шықты. Жас қызды қорлаған айыпталушы 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлмен құтылған, деп хабарлайды  Экспресс К

Белгілі деректерге сүйенсек, депутат аталмыш өңірде білікті дәрігердің бірі көрінеді. Оқиға Төлеген Қадырдың әріптесіне система салып беруін өтінуінен басталған. Жас медбике өз жұмысын жасауға кіріскенде ер адам оның бөксесінен, белінен ұстап, тиіскен. Шошып қалған бойжеткен палатадан қашып шығып, кейін диктофонын қоса қайта кіреді. Осылайша неліктен мұндай әрекетке барғанын сұраған.

Бойжеткеннің соттағы басты дәлелі қайта кіріп, ер адамның сөздерін жазып алған аудиожазба болды. Бірақ сот депутатқа қызды қорлағаны үшін тек 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып отыр. Бұл шамамен 15 мың теңге.

Кейіннен жергілікті мәслихат депутаты бұл ісіне өкініп, бойжеткеннен кешірім де сұраған. Сонымен қатар, сот шешіміне шағымданып, аппеляцияға беріпті. Бірақ сот алқасы шағымды қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также