Байқоңырдағы жағдай: көлікпен полицейді басқан жас жігіт қамауға алынды

Поделиться:

Байқоңыр қаласында полицейді көлікпен басқан жас жігіт қамауға алынды. Тәртіп сақшысы моральдық шығын талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, Төретам ауылының 29 жастағы тұрғыны түнгі уақытта Байқоңырға көлікпен кіргісі келген. 5 бақылау-өткізу бекетінде оны тәртіп сақшылары тоқтатқан. Бірақ ол полицейлердің айтқанына бағынбай, алға жүріп кеткен. Сол кезде бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алды. Көлік жүргізушісі мас күйінде болды.
Ресейлік құқық қорғау органдары билік өкіліне қатысты күш көрсету бойынша іс қозғады. Көлік жүргізушісі қамауға алынды. Ал Mercedes-Benz маркалы көлігіне арест салынды. Себебі жарақат алған полицей моральдық шығын төлеп беруді талап етті.
Қазіргі кезде күдікті Байқоңыр ғарыш айлағының уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол мекеме Ресейдің ішкі істер министрлігіне қарайды. Ресейлік тәртіп сақшылары қылмыстық істі қазақстандық тарапқа тапсырды.
Қазақстандық сот та жазаны тағайындайды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне төленетін моральдық залалдың сомасын анықтайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также