Соңғы екі аптада Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кірді – ІІМ

Поделиться:

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көрші елде ішінара мобилизация жарияланғалы бері елге қанша ресейлік кіріп-шыққанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер министрден 21 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына қанша ресейлік кіргенін сұрады.

«Екі жүз мыңнан астам Ресей азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда оның 148 мыңы Қазақстан шекарасынан шығып кетті. Мобилизация жариялаған кезде шекарада үлкен кептеліс болғаны рас. Алайда кешеден бері көші-қон сол бұрынғы қалпына келіп жатыр. Мәселен, кеше жеті мыңнан астам ресейлік біздің елге кірсе, он бір мыңға жуығы шығып кетті», деді Ахметжанов.

Ол елге кірген шетелдіктер көші-қон қызметінің бақылауында екенін атап өтті.

Сондай-ақ осы кезеңде Қазақстанның ішкі істер министрлігі заң бұзған 7 ресейлікті елден шығарған. Азаматтық алуға 68 ресейлік өтініш берген.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также