Президент сайлауы: «Ауыл» партиясының атынан алғашқы кандидат ұсынылды

Поделиться:

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға үміткер ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезінде партия төрағасы Әли Бектаев мәлім етті.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев сайлауға үміткер ретінде қатысады.

Съезд жұмысына партияның барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан делегаттар қатысып жатыр.

Кезектен тыс ХХ съездің басты міндеті 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну болады.

Еліміздегі өте маңызды реформалар жүргізіліп жатыр. Ол реформаларды партия мүшелері толық қолдайды және мемлекетіміздің дамуында үлкен серпіліс береді деп есептейді.

«Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысуды ауыл мен ауыл шаруашылығының қал-ахуалына, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты проблемаларға мемлекет пен қоғамның назарын аударудың тағы бір мүмкіндігі деп санайды», — деді Партияның «Ауыл» ХДПП төрағасы Әли Бектаев айтқан мәлімдемесінде. 

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также