Таразда ірі базар өртеніп жатыр

Поделиться:

Бүгін таңертең Тараздағы «Береке» базарының аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Жамбыл облыстық ТЖД хабарлағандай, 30 қыркүйекте сағатт 07.52-де Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының «101» телефонына өрт туралы хабарлама түскен.

«Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесіндегі «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жоғары шақырту бойынша Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдары, атап айтқанда 56 қызметкер және 13 техника шықты. Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен өрт 8 сағат 30 минутта оқшауланды», — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также