Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет – Премьер-министр

Поделиться:

Қазақстан халықаралық міндеттерді тиісті деңгейде орындай отырып, шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетеді. Алайда өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Отырыс басталмас бұрын Үкімет басшысы көші-қон мәселелеріне қатысты қоғамда түісінпеушілік туындағанына тоқталып өтті.

«Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағасының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдауы қажет», -деп нақтылады Әлихан Смайылов.

Өз сөзінде Премьер-министр еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі бірінші орында болу керектігін ескертті.

«Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай  күнделікті бақылауда», — деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов Премьер-Министр тұрғын үй

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также