Найзағай ойнап, жел күшейеді – 24 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Поделиться:

Қазақстан аумағының басым бөлігінде сенбі, 24 қыркүйекте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Барлық өңірде жел күшейеді деп болжанып отыр.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіп төндіреді. Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, солтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15 м/с жетеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 29-31, түнде 10-12 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 28-30, түнде 15-17 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 32-34, түнде 15-17 градус жылы.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также