Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына 10 миллион теңгеден алады

Поделиться:

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстан Президенттігіне кандидат әр адамға үгіт-насихат үшін 10 миллион теңгеден бөлінетінін мәлімдеді.

Кандидаттар БАҚ-та материалдарды жариялауы үшін, халық алдында сөз сөйлеу үшін аудиторияны жалға алуына байланысты шығыс көлемі қарастырылды.

«Кандидат шығындарының болжамды сметасын жасалды. Ол барлық бағаларға, бұқаралық ақпарат құралдарының ұсыныстарына сәйкес жүргізілген. Шамамен шығын 10 миллион теңгені құрайды. Кандидаттар теледидар, радио арқылы сөз сөйлейді, баспаларға материал жариялайды, аудитория мен көлікті жалға алады», — деді Сабила Мұстафина ОСК отырысында.

Мұстафина бұл жоспарлы шығындар екенін атап өтті. Ресми шешімі кейін жарияланады.

23 қыркүйекте ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды. Сайлау 20 қарашада өтеді.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін кандидаттарға қойылатын талаптар жарияланған еді.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также