«Жарылғыш зат қойылды»: Павлодарда 1000-нан астам оқушы эвакуацияланды

Поделиться:

Павлодар мектептерінің бірінде 1000-нан астам оқушы эвакуацияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, ТЖД пультіне 21 қыркүйек күні сағат 11:59-да Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебіне жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама түскен.

«Барлық күштер мен құралдар бағытталды. Бірінші ауысымда 1048 оқушы және 88 педагог пен персонал эвакуацияланды. Жедел іс-шаралар сағат 13:35-те аяқталды», — деді білім беру бөлімінде.

Жедел уәкілдер Павлодар облысында соттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген хаттың авторын анықтады. Ол кәмелетке толмаған жеткіншек болып шықты. Бесінші сынып оқушысы Ақмола облысында ұсталды.

Аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также