Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Поделиться:

Синоптиктер 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«ҚР аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. ҚР бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шығыста жел, шаңды дауыл соғады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында,  Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также