Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Ақтөбеде балкон арқылы үйден шығып кеткен 3 жасар бала табылды

Поделиться:

Ақтөбеде балкон арқылы үйден шығып кеткен 3 жасар бала табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде 19 қыркүйек күні сағат 14.00-де Сәтпаев көшесінің тұрғынынан 3 жасар ұлының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Әйел дүкенге барып келгенше, баласы балкон арқылы көшеге шығып кеткенін мәлімдеді.

Патрульдік полиция батальонының жасағы 20 минуттің ішінде баланы Сәтпаев көшесі мен Сәңкібай батыр көшесінің қиылысында тапты. Анасы ұлымен аман-есен қауышты. Әйел жедел әрекет еткені үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Құрметті ата-аналар, балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторлар орнатыңыз», – деп ескертеді Ақтөбе облысы бойынша ПД.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также