Демократия іс жүзінде: Парламент Президентті бір мерзімге сайлау туралы норманы қабылдады

Поделиться:

Әділет министрі Қанат Мусин таныстырған Заң жобасы бойынша бес бапқа өзгерістер, енгізіліп, бір баппен толықтырылады.

Біз бүгін еліміздің болашағын айқындайтын, мемлекеттік құрылымды жаңаша қалыптастыратын өте маңызды шешім қабылдадық. Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Біз сол ұзақ жолдың алғашқы қадамын бастадық. Бұған дейін бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізін қалады. Ал бүгінгі қабылданған шешім сол реформалардың нүктесін қойып, мемлекетіміздің жаңа саяси модельге көшуіне жол ашады. Еліміз демократияға қарай нық қадам басты. Нық бағытта мемлекеттік құрылым түбегейлі өзгереді, — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Қабылданған заң жобасы бойынша Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ елорданың атауы қайтадан Астана болып өзгереді.Тағы бір айта кетерлігі,  Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қойылады. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Заң жобасын Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также