Алматы облысында полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Поделиться:

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған оқиға Талғарда орын алған. Екі патрульдік полиция қызметкері көпірден секіруге тырысқан кәмелетке толмаған қызды құтқарып қалды.

Тәртіп сақшылары 16 жастағы жасөспірім қыз көпірде тұрып, өз-өзіне қол жұмсамақ ниетін байқаған.

Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша, суицидті болдырмады, — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызды тыныштандырып, үйіне апарып, ата-анасына табыстады.

Белгілі болғандай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Қыз әкесімен және ағасымен бірге тұрады. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасу себепті өмірімен қош айтыспақ болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также