Шығыс Қазақстан облысында орман өртінің ауқымы ұлғайып барады

Поделиться:

Шығыс Қазақстан облысының Алтай өңірінде құтқарушылар орман шаруашылығы аумағындағы құрғақ шөп пен бұталар өртін сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы 400 гектардан асып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Таулы аймақтың жетуі қиын аумағына байланысты бүгінде өрт сөндіру жұмыстары қиындап жатыр. «Қазавиаорманкүзеттің» АН-2 ұшағымен шолу жұмыстары жүргізілді. Елдімекендерге өрттен қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардан 300-ге жуық адам мен 24 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жетті. Тікұшақпен екі рет су шашылды (жалпы көлемі 6 тонна су).

ШҚО ТЖД және өрт орнында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетерлігі, өрт аумағы 167 гектарға жетті.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также