Алматы облысында кішкентай бала автобус астына түсіп, мерт болды

2022-08-13 06:27:44

12 тамызда Қарасай ауданының Шамалған ауылында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анасы үлкен ұлын балабақшаға шығарып салу үшін сыртқа шыққан. Кіші ұлы қасында ойнап жүрген. Бір уақытта балаларды тасымалдаумен айналысатын автобус қастарына келіп тоқтайды. Автобус қайта қозғалғанда кіші баласын қағып кетеді.

Қазіргі уақытта Қарасай аудандық ПБ СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді («Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу»). Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Көлік тізгінінде 69 жастағы ер адам болған.