Сіріңкемен ойнаған жеті жасар қыз өзін өртеп алды

2022-08-09 06:27:40

Қыз бала жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүрген.

Шырпымен ойнау отырған 2015 жылғы қыздың үстіндегі киіміне от тиген. Өрт салдарынан бала ІІ-ІІІ-дәрежелі термиялық күйік алып, қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды, – делінген БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының ТЖД ата-аналарға балаларына мұқият болуды, оларды жалғыз қалдырмауды ескертеді.