ҚР бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев банкроттық туралы заң аясында шетелге шығуға тыйым салуды енгізу ұсынылып жатқанын айтты.
Нұр-Сұлтанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр заң жобасы мен тұжырымдаманың әлеуметтік бағыты бар екенін айтты.
"Бүгінгі таңда азаматтардың көбінде түрлі себепке байланысты қаржылық жағдайлары нашар. Біреулері жұмысынан айырылса, біреулері мүгедектік бойынша тіркеуде. Жалпы экономикалық құлдырау аясында халықтың әл-ауқаты төмен. Несие бюросының мәліметінше, бүгінде бір миллионнан астам азамат несиесін өтеу мерзімін кешіктірілген, бірқатар азаматтардың коммуналдық төлемдер, салық төлемдері бойынша берешегі бар", - деді Сұлтанғазиев.
Ол министрлік жеке тұлғаларды банкроттық институтын енгізу бойынша жұмысты қайта бастағанын айтты. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қарыз сомасы мен мерзіміне байланысты рәсімдердің үш түрін енгізу ұсынылады:
1. Ол заң жобасы "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" деп аталады. Әрине, заң тек Қазақстан азаматтары үшін ғана емес, қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін де маңызды. Жалпы, бұл біраз қарыз алушыларға көмектеседі. Заңда көзделгендей, заң жобасының мақсаты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Онда тұрақты кіріс болған жағдайда бес жылға дейін қарызды өтеу үшін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігі қарастырылған. 5 миллион теңгеден асатын берешекті қалпына келтіру жоспары қаржы менеджерімен бірлесіп әзірленіп, сот органдарымен бекітіледі. Бұл үшін борышкер мен несие берушінің келісімі қажет.
2. Тұрақты кіріс болмаған және қарызды өтеу перспективасы болмаған жағдайда банкроттықты екі түрде қолдану ұсынылады:
Біріншісі - соттан тыс банкроттық, ол үш жағдайда қолданылуы мүмкін.
1. Банктер мен шағын несие ұйымдарына бес жылдан астам берешегі бар азаматтар.
2. Егер азаматтардың 12 ай ішінде қарыз өтелмесе. Бұл ретте қарыз сомасы 300 мың теңгеден аспауы керек және қарызды өтеуге болатын мүлкі болмауы тиіс.
3. 6 ай ішінде 5 миллион теңгеге дейінгі өтелмеген қарызы бар азаматтар банкроттық рәсімін бастай алады.
Азамат "Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы соттан тыс тәртіпте банкроттық туралы өтініш береді. Сондай-ақ "Е-салық азамат" қосымшасы арқылы құжаттарды тапсыруға болады. Жеке модуль әзірленеді. Құжаттарды қабылдағаннан кейін талаптарға сәйкестігіне, яғни мүліктің жоқтығына, мерзімінің сақталуына және т.б. автоматтандырылған тексеру жүргізіледі.
3. Сот банкроттығына азаматтар 1600 АЕК-ті құрайтын 5 миллион теңгеден астам өтелмеген берешегі бойынша жүгінетін болады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі аукционда сатылады. Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысаны болса, онда несие беруші оны тек сот банкроттығы кезінде ғана қайтарып алуға құқылы.
Егер адамның табысы расымен аз болып, мүлкі жоқ екені дәлелденсе, ол банкрот деп жарияланып, қарыздарынан құтылады. Дегенмен банкроттық адамды алимент төлеуден босатпайды.
Банкроттықтың келесідей 2 салдары бар:
1. Адам 5 жыл ішінде банк пен микронесие ұйымдарынан қарыз ала алмайды;
2. 3 жыл ішінде Қазақстаннан шыға алмайды. Шетелге тек өзін немесе жақын туысын емдету үшін бара алады, сондай-ақ жақын туысын жерлеуіне қатыса алады.
Екінші рет мұндай рәсімді 7 жылдан кейін ғана пайдалануға болады.
Сұлтанғазиевтің айтуынша, азаматтар жеті жылдан кейін ғана банкроттық туралы өтініш бере алады.
"Сондықтан адам өзін банкрот деп жарияламас бұрын оның ықтимал салдары мен шектеулері туралы ойлануы керек. Жалпы, банкроттықты қолдану жеке тұлғаларға қарыз ауыртпалығынан құтылып, белсенді экономикалық қызметпен айналыса бастауға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады вице-министр.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии