Қаржы мониторингі агенттігі өкілі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталғанын растады, - деп хабарлайды inAktau.kz.
Ғалымжан Ниязовқа сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындағаны белгілі болды.
"Ниязов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды", - деді Маңғыстау облысы Экономикалық тергеу департаменті өкілі.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии