1 ақпан күні жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталғандардың туыстары Алматы прокуратурасының алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Осы мәселеге орай Алматы прокуратурасы түсініктеме берді.
"Прокуратура тиісті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды, азаматтардан өтініштер түсті. Өтініштерді қарау аясында әрбір дәлел қаралып, заңды құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін наразы топ ұсталған жақындарының лаңкес еместігін және жаппай тәртіпсіздікке қатыспағанын айтып, оларды босатуды талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған еді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии