Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында коронавирусқа қарсы өзін-өзі емдеуге жол берілмейтінін айтты.
Уақытылы медициналық көмек көрсету және ауыр науқастардың санын азайту үшін тұрғындар арасында COVID-19-ды өзін-өзі емдеуге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту, мобильді бригадаларды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету қажет. Ол үшін облыс әкімдіктері дер кезінде қосымша көліктер бөлуі қажет.
Сондай-ақ министр емханалардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ дәріханаларда қабынуға қарсы және қызуды басатын дәрілердің болуын үнемі қадағалау қажеттігін айтты.
Барлық амбулаториялық науқастарды тексерумен және динамикалық бақылаумен, оның ішінде дистанциялық қызметтерді пайдаланумен қамтамасыз ету үшін емханалардың ахуалдық орталықтарының жұмысын күшейту қажет.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии