Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді.

Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:

ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы:

ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;
Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.