«Kaspersky» Қазақстандағы балалардың 2021 жылы ең көп уақытын қандай мобильді қосымшаларда өткізгенін талдады*. Басты орын YouTube-ке тиесілі, оның үлесі ең танымал он қосымшада өткізілген уақыттың үштен бірін (32%) құрады. 22% — дан астамына WhatsApp, ал тағы 16%-ға - TikTok ие болды.
Жалпы, көбінесе 2021 жылдың соңында бүкіл әлемдегі балалар YouTube-тен ойындарға қатысты контентті іздеді**. Мұндай сұраулардың үлесі 28%-ды құрады. Атап айтқанда, олар ойын блогерлерінің арналарын табуға тырысты, ал ең танымал ойын Minecraft болды. MrBeast, EdisonPts және Paluten YouTube-тағы топ-3 арнаға кірді, ал ең танымал ойындардың ондығына алғаш рет Genshin Impact және Poppy Playtime кірді.
YouTube-тегі балалардың іздеу сұрауларының саны бойынша екінші орынды музыкамен байланысты сұраулар алды, олардың үлесі 19%-ды құрады. Көбінесе BTS, BlackPink, Lil Nas X, Ariana Grande және Twice сияқты орындаушыларды іздеді. Ең танымал әндердің бірі — CKay орындаушысының Love Nwantiti әні және Оңтүстік Кореяның Blackpink тобының қатысушыларының бірі LISA-дан — LALISА және MONEY әндері.
Фильмдер, мультфильмдер мен телешоуларға сұраулардың 12%-ы тиесілі. Көбінесе «Свинка Пеппа», «Лунтик», «Барбоскины» мен «Леди Баг и Супер-Кот» мультфильмдерін және «Веном 2» мен «Человек-паук: нет пути домой» фильмдерін іздеді.
«Ата-аналар үшін баланың цифрлық қызығушылықтарын білу маңызды. Бұл балаларды онлайн-қатерлерден қорғауға және отбасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Бірге уақыт өткізуге болады: мысалы, танымал блогердің танымдық бейнелерін көруге немесе Minecraft ойынында тарихты, химияны немесе физиканы зерттеуге тырысуға болады», — деп түсіндірді «Kaspersky»-дің Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.
Балаларды желіде қорғау үшін «Kaspersky» ата-аналарға:
• балалардың интернетте қатаң мінез-құлық ережелерін белгілеу және олардың не үшін керек екенін түсіндіруді (мұндай қағидаларды баланың есеюіне қарай қайта қарау қажет);
• бірге жаңа нәрселерді үйрену, балалардың желіде не істеп жатқанын көру және олардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керектігін ойлауды;
• қажет болған жағдайда ата-ана бақылауы үшін қосымша пайдалану, алайда ол қосымшаны орнату алдында балаға оның қалай жұмыс жасайтынын және оны қалай қорғауға көмектесетінін көрсетуді ұсынады.
Kaspersky Safe Kids шешімі ата-аналарға балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол барлық танымал платформалармен үйлесімді: Windows, macOS, Android және iOS. Өнім ата-аналарға баланың интернетте қанша уақыт өткізетіні, қандай сайттарға кіретіні және әлеуметтік желілердегі парақшасында қандай жарияланымдар қалдыратыны туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Kaspersky Safe Kids геолокация функциясының арқасында баланың қазіргі орнын анықтай алады, ал «YouTube-те қауіпсіз іздеу» функциясы оны танымал сайттың толық мүмкіндіктерін толықтыра отырып, күмәнді бейне контенттен қорғауға мүмкіндік береді.
* Kaspersky Safe Kids жасырын статистикасының деректері бойынша 2021 жылғы 25 қаңтар мен 2022 жылғы 25 қаңтар аралығындағы кезеңде Android-пен басқарылатын құрылғылардағы қосымшаларда балалардың өткізген сағаттарының саны туралы. 100% көрсеткіш ретінде ең танымал он бағдарламада өткізілген сағаттардың қосындысы алынды, ал пайыздық үлестіру әр қолданбада өткізілген сағаттардың санына байланысты.
** YouTube платформасында іздеу сұраулары бойынша жасырын деректер. 100% көрсеткіш ретінде 2021 жылдың қыркүйегі мен қарашасын қоса алғандағы кезеңде YouTube-те жиналған топ-1000 іздеу сұраулары қабылданды. Тақырыптың танымалдылығы-оған қатысты сұраулардың үлесі.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии