Қарағанды қаласындағы бизнес орталықта 55 жастағы ер адамды пышақтап кетті.
Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды қалалық полиция басқармасына екі ер адамның жанжалдасып қалғаны туралы хабар түскен. Бетперде киген белгісіз ер адам дәлізде 55 жастағы фирма директорымен сөзге келіп қалған. Жанжал кезінде ол бәкісін алып шығып, қарсыласына бірнеше рет тыққан. Жәбірленуші ауыр жарақтпен ауруханаға түсті.
"Жедел іздестіру шаралары кезінде 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру)бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии