Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорын ауыстырды, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Оның орнына мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов тағайындалды.