Kaspi Bank акционерлерінің бірі Вячеслав Ким "Самұрық-Қазына" мемлекеттік ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығу туралы шешім қабылдады.

Ол қордың тәуелсіз директоры болды. Директорлар кеңесінен "өз еркімен" кетті, делінген Қазақстан қор биржасының сайтындағы хабарламада.

Енгізілген өзгерістерге байланысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінде енді алты адам болады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, қор басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Елбасының көмекшісі Данияр Ақышев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Вячеслав Ким Kaspi Bank акцияларының 24%-ін иеленіп отыр және директорлар кеңесінің мүшесі. Forbes.kz мәліметінше, 2021 жылы ол алғаш рет жаһандық миллиардерлер тізіміне енді – 925 орын.