Қазақстанда терроризмге қарсы операция режимі тоқтатылып, террористік қауіп деңгейі төмендеді, деп хабарлады ҰҚК.

"Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб 2022 жылдың 26 қаңтары сағат 00.00-ден бастап Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматыда терроризмге қарсы операция режимінің және террористік қауіптіліктің шекті "қызыл" деңгейінің тоқтағаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Осы уақыттан бастап бұл өңірлерде террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі белгіленеді.

Нұр-Сұлтандағы террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі және Батыс Қазақстан облысындағы орташа "сары" деңгейі сақталады.

2022 жылдың 26 қаңтары сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысының Балқаш қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіптің бірқалыпты "сары" деңгейі тоқтатылады.

Қолданыстағы шектеулер бойынша жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу жалғасады.

Қару мен жарылғыш заттарды табу мақсатында құқық тәртібі органдарына көліктердің жүріп-тұруына бақылап, оларды тексеруге рұқсат етіледі.