Қырғызстанда жол апатынан екі футболшы көз жұмды, деп хабарлады turmush.kg порталы.
Ош – Баткен жолында Mercedes Benz пен Hyundai Porter соқтығысқан. Салдарынан 22 жастағы Жахонгир Махмұдов пен 20 жастағы Асадбек Әлімов көз жұмды. Тағы бір 23 жастағы футболшы жарақат алды.
Жол апатынан азғана бұрын Махмұдов пен Әлімов "Нұр-Баткен" футбол клубымен келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Оларды Баткен қаласына шақырған. Жас жігіттердің ойыны клуб басшылығына ұнап, спортшылар келісімшартқа қол қойған. Содан кейін олар үйіне қайтып, онда 23 қаңтарға дейін болуды жоспарлапты.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии