Алматы облысында кооператив түріндегі қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптыға мемлекетаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
"Алматы облысы Қаржы мониторинг агенттігі аумақтық департаменті "Елім-ай-2019" қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұйымдастырушылар тұрғын үй кооперативінің атын жамылып, азаматтардан қаражат жинаған. Қазіргі уақытта зардап шеккен 90 адам өтініш жазды. Тергеу құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін деп есептейді", - деп хабарлады ведомство.
Басқарма мамандары пирамида қызметінен зардап шеккен азаматтарға Өтеген-Батыр ауылы Батталханов көшесі 11 А мекенжайына келуді, немесе 8 (727) 251-71-06 сенім телефонына хабарласуды сұрады.
"Елім-ай-2019" кооперативінің басшысы Ербол Кизбаев пен жұбайы Жазира Өмірбаеваға мемлекетаралық іздеу жарияланды", - деп толықтырды ведомства.
Аталғандар туралы қандай да бір мәлімет білсеңіздер, мына телефондарға хабарласыңыздар: 8 (727) 251-71-06; +7-701-228-02-15.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии