Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды. Бұл туралы Мәжіліс Сенатқа жолдаған конституциялық заңға енгізілген түзетулерде көрсетілген.
Мәжіліс Сенатқа "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар жіберді.
Түзетулерге сәйкес, "Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің тарихи миссиясына байланысты ел үшін маңызды мәселелерді талқылауда Парламент пен оның палаталары алдында, Үкімет отырысында сөз сөйлеуге құқылы".
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі құрамына кіреді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии